Атырауда Президент саябағы салынып жатыр (+ВИДЕО)

Бұған дейін БАҚ көздерінде биыл Атырау қаласының тарихи бөлігінде Президент саябағы ашылатыны айтылған болатын. Бірақ, облыстық құрылыс басқармасының баспасөз қызметі мұны жоққа шығарды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Рас, басқарманың тапсырысымен NCOC компаниясы қалада саябақ құрылысын бастаған болатын. «Нурсат» ЖШС мердігер болып танылды. Ал, жобаны заманауи үлгіде «NEW MOON Architects» ЖШС жасақтаған. Қазір жерасты желілерін қайта жүргізу жұмыстары жасалып жатыр. Бірақ, биыл емес, 2025 жылдың екінші жартысында тапсырылады деп күтілуде. 

"Жобада мәрмәрдан жасалған орындықтар, төрт орындық кешенді-үстелдер, тренажерлар, велосипед тұрағы, балалар алаңы, мүсіндер, қоғамдық әжетханалар, полицейлік учаске, күрделі біріккен субұрқақтар, т.б. қарастырылған" делінген баспасөз хабарламасында. 

Саябақ ауданы 4,04 га аумақты құрамақ. Ол қала орталығында, дәлірек айтқанда, Молдағұлова мен Пушкин көшелері, Тутұғырға жақын маңда орналасатын болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ