Атырау облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 тонау қылмысының жолын кесті, деп хабарлайды АtyrauРress
Атырауда мейманханалардың бірінде 39 жастағы тұтынушыға күш қолданып оның бағалы алтын жүзігі мен қолсағатын және 1 млн 200 мың теңге ақшасын ашық түрде тонаған 23 және 18 жастағы күдіктілер анықталып ұсталды. Сондай-ақ, 45 және 42 жастағы тұрғындардың ұялы телефондарын жымқырған 36 жастағы күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды.
"Қазір күдіктілерге қатысты тонау дерегімен тергеу амалдары жүргізілуде. Тонау қылмысы үшін күдіктілерге 3 жылдан 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген"- полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.