Атырау облысында тәртіп сақшылары заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды азаматтардан сатып алу акциясын жариялады, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атыс қаруларымен, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстардың алдын-алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың 10-сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүргізіледі.
Мемлекет, азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қарулар мен оқ-дәрілерге және жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеп отыр:
- иір ойықты автоматтарға – 345000 теңгеге дейін;
- иір ойықты винтовкалар мен карабиндерге – 172500 теңгеге дейін;
- иір ойықты пистолеттер мен тапаншаларға – 138000 теңгеге дейін;
- тегіс ұңғылы атыс қаруларына – 103500 теңгеге дейін;
- жарақат салатын қарулар – 34500 теңгеге дейін;
- әрбір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін – 24150 теңгеге дейін;
- жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін – 20700 теңгеге дейін;
- иір ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін – 98,57 теңге.
Бұл заттарды аймақтық ішкі істер бөлімдері қабылдайды.
Заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еріктерімен тапсырған азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі азаматтардың зақым немесе жарақат алуын болдырмау мақсатында табылған және анықталған жарылғыш заттарды өздігінен тасымалдамай, кез-келген полиция бөлімдеріне немесе «102» телефонына хабарлауын сұрайды.
Бұл ретте Атырау облысы полиция департаментіне төмендегі телефон нөірлері арқылы хабарлаусға болады:
- «Нұрсая» шағынауданы Әбілхайыр хан көшесі №55. Тел: 98-20-33, 98-23-23.
- Атырау қалалық полиция басқармасы. Ә. Молдағалиева көшесі №247. Тел: 102, 98-23-14, 98-23-15.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА