Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы хабарлайды
Әлеуметтік желіде Атырау қаласы Қ.Сәтпаев көшесінде орналасқан ойын алаңдарының бірінде мектеп оқушыларының қорқор қоспасы бар темекі бұйымдарын пайдаланған бейнежазбасы таралған.
Жазба бойынша учаскелік полиция инспекторлары жедел жұмылдырылып мектеп оқушылары анықталып, заңды өкілдерінің қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Жеті ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 441 бабы 1 бөлігімен хаттама толтырылып, 45 945 теңге айыппұл салынды.