Атырауда ондаған қой ұрлаған қылмыстық топ құрықталды

9 ақпан Қызылқоға ауданының 1984 және Мақат ауданының 1986 жылы туған тұрғындары өзара сөз байласып, өзгенің қорасындағы 23 бас қойын ұрлаған.

Әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, олар қойларды бос тұрған қыстаққа жасырып, кейін 1986 ж.т. күдіктінің ВАЗ 2114 автокөлігімен өздерінің қорасына тасыған. Қызылқоғалық полицейлер күдіктілерді ұстады. Қазір екеуі де ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес УҰИ-на қамалды. Тергеу амалдары басталып кетті.