Атырауда өлім азайған

2023 жылғы 1 сәуірге облыстағы халық саны 696,3 мың адамды құрады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Оның ішінде қалалықтар – 384,1 мың адам (55,2%), ауылдықтар – 312,2 мың адам (44,8%). Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Халықтың табиғи өсімі 2023 жылғы қаңтар-наурызда 3254 адамды құрады (2022 жылғы сәйкес кезеңде 2926 адам). 2023 жылғы қаңтар-наурызда жаңадан туылған нәрестелер алдыңғы жылғы сәйкес кезеңдегіден 5,2% өсіп, қайтыс болғандар 12,5% кем тіркелді.

Көші-қон айырмасы - 46 адамды құрады (2022 жылғы қаңтар-наурызда -286 адам), оның ішінде сыртқы көші-қонда - 174 (36), ішкі көші-қонда - -220 адам (-322 адам).

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ