Атырауда неге бәрі қымбат?

Соңғы кезде атыраулықтар тауар мен қызметтің қымбатшылығына шағымданып жүр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Біз мәселенің мәнісін білмек болып, сала мамандарына хабарласқанбыз.

«Жасыратыны жоқ, биылғы инфляция мөлшері былтырғыдан асып түсті. Бұған Ресей рублінің де әсер еткені айқын. Бұл өз кезегінде тауар мен қызмет бағасының өсуіне ықпал етті» дейді мамандар.

Бірақ, бұл тек Атырауда немесе Қазақстанда ғана орын алып жатқан жағдай емес екен.

«Соңғы уақытта бүкіл әлем елдерінің басына «қара бұлт» үйірілді десек те болады. Мен мұны экономикалық тұрғыда айтып отырмын. Қарапайым халық жоғары инфляциялық күтілімдер, сыртқы инфляцияның толассыз өзгерісі, өндіріс шығындарының өсуі деген сөздерді түсіне бермейді. Ал, шын мәнінде бұл аталғандардың бәрі де – баға өсіміне тікелей әсер ететін басты факторлар» дейді PhD докторы Лаура Иғалиева.

Айтуынша, қымбатшылыққа мұнай бағасы да көп әсер етеді. Себебі, әзірге отандық мұнай тек шикізат көзі ретінде ғана пайда әкеліп отыр. Ал, егер одан өнім  шығару қолға алынса, табыс еселене түседі. Ал, әзірге қаржылық жағдайды тұрақтандырудың жалғыз жолы – базалық мөлшерлемені көтеру  ғана.  

Амандық Сағынтайұлы