Атырауда не болайын деп жатыр?

Бүгін, 24 шілдеде Атырау қаласында терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының басшылығымен жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабы мәлім еткендей, оқу-жаттығудың мақсаты Орал-Каспий каналы жағдайында террористік көріністерге шұғыл ден қою және теңіз кемелерінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша тәжірибелік пысықтау болып табылады.

"Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырамыз" делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суретті түсірген: автор