«Қазіргі таңда жылжымалы сайлау жәшіктері үй-үйлерді аралап. Атырау қаласындағы №7 сайлау учаскесінің төрайымы Айнагүл Ахметованың айтуынша, үйде дауыс жинау қызметін ұйымдастыру үшін арнайы топ құрылған.
«Мәселен, №7 сайлау учаскесінің 12 мүмкіндігі шектеулі сайлаушы бар. Оның ішінде 7 адам есту қабілетінен айрылғандар, 5 адам арбада таңылғандар. Сайлау учаскесі тарапынан арнайы топ құрылып, учаске төрайымының орынбасары, өкіл, қауіпсіздік қызметінің мамандары үй-үйді аралап дауыс жинау үстінде» дейді Атырау қаласындағы №7 сайлау учаскесінің төрайымы Айнагүл Ахметова.
Еске сала кетелік, елорда уақытымен сағат 16:00-дегі ақпарат бойынша, Атырау облысы бойынша сайлаушылардың 56,19%-ы дауыс берген.