Атырауда мереке қарсаңында кітапханашылар марапатталды

Республика күні қарсаңында кітапханашылар төл мерекесін атап өтеді. Биыл Республика күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Осы ретте төл мереке қарсаңында аталған салада ұзақ жылдар бойы қажырлы еңбек еткен мамандарға «Қазақстанның Құрметті Кітапханашысы» төсбелгісі табысталса, бірқатар қызметкер Алғыс хат алды.

Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқанын айтқан қала әкімі Мейірім Қалауи мамандардың алдағы уақытта өңірде кітапхана ісінің дамуына өз үлестерін қоса беретіндеріне зор сенімін білдіріп, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тіледі.

Айта кетейік, ҚР Президентінің бастамасымен 2022 жылдың 18 қазанындағы №833 қаулысымен 24 қазан «Кітапханашылар күні» кәсіби мереке ретінде бекітілді.