Атырауда мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтіп жатыр

Жәрмеңкеге қойылған тауарлар нарықтағы құнынан 15-50 пайызға арзан, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

 «Мектепке жол-2024» жәрмеңкесі тамыздың 31-не дейін жалғасады. Мұнда кеңсе тауарлары мен мектеп формасы және аяқ киім мен сөмкелердің кең таңдауы бар. 

"Мұндай жәрмеңкені қалалық әкімдіктің қолдауымен екі жыл қатарынан ұйымдастырып келеміз. Басты мақсат - көп балалы отбасыларға, мектепке балаларын дайындап жүрген тұрғындарға арзан және  қолжетімді бағада тауар ұсыну. Науқанға 45 кәсіпкер өз еркімен қатысып жатыр",- деді “Дина сауда орталығы” әкімшілік бөлімінің маманы Әсима Альменова.