Атырауда көпірден секіргендер айыппұл арқалады
Әлеуметтік желіде жаяу жүргіншілерге арналған көпірден Жайық өзеніне секірген жасөспірімдердің бейнеролигі тараған еді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобынан білгеніміздей, аталған факті бойынша мемлекеттік мекемелердің көмегімен 3 жасөспірімнің жеке бастары анықталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Департамент қызметкерлері жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"Атырау облысының аймағында суға шомылу маусымы ресми түрде ашылған жоқ. Өз өмірлеріңізге жауапкершілікпен қараңыздар!" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ