Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні өңір жастары арасында «Жастар Рухы» ЖҚ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен "Қазақстанда АЭС салу қажеттілігі» тақырыбында облыстық дебат турнирі өткізілді.
Екі қарсылас команда тақырып бойынша бірі жақтаушы жақ екіншісі қарсы болушы жақ ретінде өз ойларын дәлелдеп келтіру арқылы тақырыптарын қорғап шығады.
Дебаттың мақсаты — АЭС салу туралы референдум өткізу қажеттілігін, артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау. Мұнда қоғамның пікірін анықтау, ақпараттарды сараптау, экологиялық, экономикалық, және қауіпсіздік аспектілерін талқылау маңызды.