Бұл туралы ATPress.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Кәмелетке толмаған К. "Телеграмм" интернет-қосымшасында жұмыс тәжірибесі жоқ, жалақысы жоғары жаяу курьер қажет екендігі туралы хабарландыруды тапқан. Оған қызығушылық танытқан оқушы курьердің жұмысы деп психотроптық заттарды жасырын орындарға салу, аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында сақтау, тасымалдау, өткізуге бағытталған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы қылмыстық ниеті анықталған. Нәтижесінде оқушы К. 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған», - деді облыс прокурорының бірінші орынбасары Саян Бәкіров.
Айта кетейік, биыл Атырау облысында кәмелетке толмаған 20 оқушы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, оның 7-еуі - ауыр қылмыс.