Атырауда есірткі фитолабораториясы жұмысының жолы кесілді

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинология қызметі орталығының қызметкерлері бірлесіп үйінің ішінде қарасора өсімдігін өсірген күдікті 51 жастағы Атырау қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Ол тұрғын үйінде өсімдікке жылу беру үшін жарық және жылу шамдарын, топырақ және суару жүйелерін орнатып есірткі фитозертханасын жабдықтаған. Тексеру барысында салмағы 1 келіден астам 68 қарасора  тәркіленді. 

Қазіргі таңда құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.