Бүгін, 18 шілде күні сағат 14:20 шамасында екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды AtyrauPress Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты Владимирский көшесі тұсында болды. Онда Лада 2115 автокөлігінің 1986 ж.т жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, қарама-қарсы келе жатқан маркасы Toyota Estima автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан маркасы Toyota Estima автокөлігінің 1980 ж.т жүргізушісі әртүрлі дене жарақатын алып, облыстық ауруханаға қаралды. Дәрігерлер оның жағдай бір қалыпты деп отыр.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА