Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлады. 28 қаңтар күні сағат 12:30 шамасында Ақтөбе-Астрахань тас жолының 523 шақырым тұсында 1959 ж.т. азаматтың басқаруындағы Камаз және 1956 ж.т. азаматтың басқаруындағы Skoda автокөліктері соқтығысып жол-көлік оқиғасы орын алды. Соққы салдарынан Skoda автокөлігінің 1960 ж.т. жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді.