Мақат ауданында "Lada Granta" жеңіл автокөлігі мен жүк пойызының соқтығысты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
13 шілде күні Мақат ауданындағы Мақат ауылынан 20 км қашықтықта темір жол өткелінен өтпек болған "Lada Granta" жеңіл автокөлігі мен жүк пойызы соқтығысты. Бұл туралы хабар жергілікті уақыт бойынша 11:45 сағатта Мақат аудандық №8 Өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне келіп түсті.
Соқтығысу салдарынан 1999 жылы туған көлік жүргізушісі жарақат алып, ал 1968 жылы туған ер азамат оқиға орнында көз жұмды.
ТЖД қызметкерлері арнайы «Холматро» құралы арқылы мерт болған адамның денесін шығару жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, аталған жүк пойызы құрылыс материалдарын тиеген 66 вагон тіркемесімен келе жатқан.
Қазір оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.