Атырауда жазасын өтеушілер туыстарымен кездесті (ФОТО)

1 наурыз "Алғыс айту" күніне орай Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті УГ-157/1 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар үшін "Ашық есік күні" өткізілді.

Аталған іс-шараға жазасын өтеушілердің 15 шақты туысы келді. Бүкіл әлемді есеңгіреткен пандемиядан кейінгі алғашқы ашық есік күні ерекше аталып өтті. Тәрбие жұмыстары бойынша мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Ринат Маратұлы Урахов жазасын өтеушілердің туыстарына мекеме әкімшілігі тарапынан алғысын білдірді. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, біріне бала, біріне әке, ал енді біріне бауыр болған жаза өтеушілердің туыстары бір күндік мекеменің өмірімен танысып (жатын, ас қабылдау, жуыну, жұмыс  орындары) көңілдері жәй тапқандай болды. "Оларды күтіп отырғандарын, әлі де жарқын өмір алда күтіп тұрғанына сендіріп, қолдауларын білдірді. Және осындай іс-шараны ұйымдастырып отырған мекеме әкімшілігіне алғыстарын білдіріп рахметтерін айтты", - делінген хабарламада.