Атырауда бір түнде 2 жол-көлік оқиғасынан 2 адам қаза тапты

Бұл туралы облыстық полиция департамент хабарлайды.

9 қазан күні сағат 02:40 шамасында Chevrolet Niva көлігі Құлсары-Ақкиізтоғай тасжолының 17 шақырымында аударылып, салдарынан 1978 жылы туған жүргізушісі қаза болды.

9 қазан күні сағат 06:30 шамасында Доссор-Бейнеу тасжолының 104 шақырымында Lada Largus автокөлігі аударылып 1 жолаушысы қаза тапты. Көлікте 7 адам болған. 2 жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Атыраулық полицейлер көлік жүргізушілеріне сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін ескертеді