Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 2023 жылдың 2 қыркүйек сенбі және 3 қыркүйек жексенбі күндері Тұрғындар қалашығы шағын ауданында, «Мұнайшы» стадионының алдында және «Сарайшық» коммуналдық базарында өтетін азық-түлік және ауылшаруашылық жәрмеңкесін тамашалауға шақырамыз. Бұл жәрмеңкеде АТЫРАУ қаласы мен ҚЫЗЫЛҚОҒА ауданының тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының өнімдері нарық бағасынан төмен бағада ұсынылады!" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ