Атырауда әкесі баласымен кездесе алмай жүр...

Бұл туралы облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress.

Кәмелетке толмаған баласымен араласу уақытын белгілеу туралы дау медиация тәртібімен реттелді. Сотта талап қоюшы У.Б.-ның жауапкер Ж.Қ.-ға кәмелетке толмаған баласымен араласу тәртібін белгілеу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды. Баланың анасы Ж.Қ.-мен бірге тұрады. Тараптар арасындағы дау жауапкердің бала мен әкесінің араласуына кедергі келтіруінің себебінен туындаған.

Дауды сот медиациялық тәртібімен реттеу нәтижесінде тараптар келісімге келіп, талап қоюшы өзінің талап арызынан толықтай бас тартты. Сот баланың мүддесі үшін екі тарапқа да қолайлы талап қоюшының баламен араласу тәртібін белгіледі. Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ