Атырауда 46 лауазымды тұлға Антикордың ұсынысы бойынша жауапқа тартылды

Бұл туралы Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин сотталған полиция қызметкері бұрынғы ұжымымен кездесуде мәлімдеді.

Шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 3 млн теңге айыппұл жазасына тартылған Атырау қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің лауазымды адамы  әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс аясында уәкілетті органға ұсыныстар енгізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық істерді тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті ұсыныстар енгізеді және оларды қарау бойынша мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді.

Ағымдағы жылдың 9 айында 42 ұсыныс енгізілді. Олардың көпшілігі әкімдіктерге және олардың құрылымдық бөлімшелеріне (19), ішкі істер органдарына (17) және басқа да мемлекеттік құрылымдарға(6) жіберілді.

Тоқталып келетін тағы бір маңызды аспект – бұл басшылардың қарамағындағылардың заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілігі.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде енгізілген ұсынымдар бойынша тәртіптік жауапкершілікке 46 адам тартылды, оның 3-і жұмыстан шығарылды.

Ұсынысты қарау нәтижелері бойынша Атырау қаласы полиция басқармасының тікелей басшылары қарамағындағылардың қызметіне бақылаудың болмауына байланысты тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, жергілікті полиция қызметі бастығының м.а. атқаратын лауазымының толық қызметтік сәйкес еместігі туралы ескертілді, ал ювеналды полиция бөлімшесі бастығының м. а. – аға инспектор лауазымын учаскелік инспекторға дейін төмендетті.

Лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігімен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсынымдар шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар енгізеді.

Біздің басты міндетіміз – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою.Тек осы жағдайда ғана ұзақ мерзімді оң нәтижеге қол жеткізе аламыз.