Облыс бойынша 9237 бірлік қару есепке алынып, қадағалануда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атап айтқанда, 618 иір ойықты, тегіс ұңғылы 8287, газды 326, 5 пневматикалық және 1 электрлі қарулар. Есепте тұрған қару иелерін мекен-жайларынан 8558 қарудың сақтау ережелері тексеріліп, олардың тарапынан 364 заң бұзушылықтар анықталып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтауы қару иесінің тұрғылықты жері бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты тұратын жерінде еденге немесе қабырғаға берік бекітілген, қалыңдығы 3 мм
болатын және ішкі құлпы бар металл сейфте сақталады. Қаруды бөлмелердің қабырғаларына ілуге тыйым салынады.
2) қалалық елді мекендерде азаматтық қару иесінің тұрақты тұратын жері электр желісіне және қосалқы
электрмен қоректендіру көзіне тұрақты үй-жайларды күзетудің сертификатталған жүйесімен жабдықталуы тиіс.
Қару иесінің қалауы бойынша қаруды және оның патрондарын тікелей сақтау жүзеге асырылатын бөлмелерді немесе металл сейфті ғана сигнализациямен жабдықтауға жол беріледі.
Күзет сигнализациясының түрі мен типін қару иесі айқындайды;
Жеке тұлғаның қолында коллекциялық қару болса, оны сақтау орны оператор фирмалардың орталықтандырылған бақылау пульттеріне шығатын сигнализация мен жабдықталады;
3) қару иесі бір айдан астам болмаған кезеңде, тұрғылықты жері бойынша ішкі істер
органдарына немесе ОСП қару уақытша сақтауға тапсырылуы қажет;
4) қарумен бірге оның патрондарын, азаматтық тегіс ұңғылы қарудың жалпы
саны 500 дана, азаматтық ойық қарудың ойық қарудың әрбір бірлігіне
100 дана, газдық қарудың 50 дана, 500 граммнан аспайтын аңшылық оқ-дәрілер мен патрондарды сақтауға жол беріледі
5) азаматтық қару иелеріне:
қалалық жерде тұратын азаматтық тегіс ұңғылы қарудың жалпы саны 500 данадан астам, бірақ 2000 данадан аспайтын патрондары осы тармақтың 1) және 2)тармақшаларының талаптарын сақтай отырып, жеке метал шкафта сақталады. Ал ауылдықта тұратын қару иелері: 1)тармақшасының талаптарын сай сақтайды.
6) азаматтық қару мен оның патрондарын сақтау ішкі істер органдарының алдын ала жазбаша хабарламасынан кейін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын орталықтандырылған құқығына ІІО рұқсаты бар субъектілердің қару сақтауға арналған бөлмелерінде жол беріледі;
мыналарға: сейфте қарумен бірге бөгде заттарды. Оның ішінде ақша купюраларын,бағалы қағаздарды, зергерлік бұйымдарды, алып жүруге рұқсаты жоқ қарудың басқа түрінің патрондарын сақтауға; қаруды иесінің тұрақты тұратын жерінен тысқары жерлерде, жатаханаларда уақытша вахталық үй-жайларда, жайылым
учаскелерінде, фермерлік және шаруа қожалықтарында, одан әрі пайдалануға жарамсыз жағдайда қаруды сақтауға;
өзге адамдар, оның ішінде туысқандар мен отбасы мүшелеріне қолжетімді
жерлерде қаруы бар сейфтің кілттерін қалдыруға;
қаруды алып жүруге рұқсаты бар қару иелерінің бір сейфте қаруды бірлесіп сақтауына;
ІІО-да тіркелмеген, оның ішінде тіркелуге жатпайтын қаруды сақтауға жол берілмейді;
Аталған талаптар бұзылған жағдайда қару иесі ҚРӘҚБт-нің 484 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады және осы кодекстің 53-1 бабына сәйкес, азаматтық қарудың иелері мен пайдаланушылары азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі.
Сонымен қатар, анықталған кемшілік жойылғанға дейін полиция қызметкерлерімен азаматтық атыс қару уақытша сақтауға алынады.