Атырауда 32 саяжай қоғамының жоспары бекітілді

Қала аумағындағы саяжай қоғамдарын жеке тұрғын үй секторына ауыстыру мәселесі бірнеше жылдар бойы өзекті болып келді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Осы орайда, бүгін қала әкімдігінің қаулысымен қаладағы 32 саяжай қоғамдарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бекітілді. Атап айтсақ, Нефтяник-2, Жигер, Нефтяник, Проектировщик, Садовод-4, Садовод-3, Садовод-1, Геологтехкомплект, Транспортник, Политехнический колледж, Ақжайық-Теңдік, Ану-1, Ану-2, Беймахис левый, Связист, Строитель, Геотэкс, Мұнайшы, Беймахис правый, КСМ, Мелиоратор, Химик, Судоремонтник, Рыбник, Уралкаспрыбвод, Железнодорожник, Речник, Здоровье-1, Здоровье-2, Гүлден, Черная речка, Сая саяжай қоғамдары.

Аталған жоба аясында саяжайларға жол салуға, қажетті инфрақұрылым жүргізуге(электр жарығы, газ, су) мүмкіндік туады. Бүгінгі күні қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен барлық саяжай қоғамдастықтарына жол құрылысының жобасын жасау жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда 3 саяжай қоғамының топографиялық түсірілімі аяқталса, қалғандарында жұмыстар жүргізілуде. Күз айларына дейін аталған жобалар мемлекеттік сараптамаға енгізіледі. Ағымдағы жылы біртіндеп саяжайларға жол салу жұмыстары басталады.