Атырауда «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі, деп хабарлайды AtyrauPress.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындау мақсатында 23-24 қараша аралығында «Қысқы кезеңдегі жағдайларда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбы бойынша «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі,
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 23 қараша күні сағат 11:55 шамасында (түскі уақытқа дейін) «Баршаның назарына» дабыл сиренасы іске қосылады.
Оқу-жаттығу аясында өткізілетін іс-шаралар:
• 2023 ж 23 қараша сағат 09:00-де - шұғыл ден қою жасағының (жеке құрам мен техника) саптық дайындығын тексеру. Өтетін орны - "Салтанат сарайы" ғимаратының тұрағы.
• 24 қараша сағат 09.00-де - қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жою бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу (ЖЭО). Өтетін орны: "Жылу электр орталығы" АҚ.
• 24 қараша сағат 10:00-де - жолдарды жабу бойынша іс-қимылдарды пысықтау. Өтетін орны: Атырау-Орал тас жолы.
Фото: freepik.com