Атырауда «Каникул» жедел профилактикалық іс-шара кезінде 211 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 211 ересек тұлғалар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ATPress.kz.
Бұл туралы баспасөз мәслихатында Атырау облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Орынгүл Көшқалиева мәлімдеді.
«Іс-шараны қортындылай келе, жедел профилактикалық шараны өткізу барысында барлығы 291 қызметкерлер жұмылдырылып, әр түрлі кәмелетке толмағандар жиналатын орындар тексерілді. Ішкі істер органдарына 194 кәмелетке толмаған бала әкелінді. Барлығы да әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін жеткізілді.14-16 шілде күндері аралығында Атырау облысы көлемінде «Каникул» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
ІІО-ның профилактикалық есебіне 5, тізімдік есепке 4 кәмелетке толмаған және 1 қолайсыз отбасы қойылды» деді ол баяндамасында.