Атырау облысында 1 шілдеден бастап автогаздың бағасы өзгерді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Аймақтың ішкі нарығында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге жаңа бағалар ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) төрағасының 2023 жылғы 30 маусымдағы бұйрығына сәйкес енгізіледі.
Осы бұйрыққа сәйкес, бүгіннен бастап жаңадан шекті бағалар мынадай:
- облыс орталығынан (Атырау қаласы) 200 км-ге дейін - литріне 54 теңге,
- облыс орталығынан (Атырау қаласы) 200 км астам - литріне 59 теңге.
Айта кету керек, Атырау облысында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған табиғи газдың бағасы Қазақстан бойынша төмен бағалардың бірі болып қала береді.
Осыған дейін облыста газдың бір литрі 50 теңгеден саудаланып келді.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА