Атырауда 1 мың жүргізуші айыппұл төлеуден жалтарған

Атыраулық полицейлер 1 айда айыппұл төлеуден жалтарған 1092 көлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жасалған құқықбұзушылық әрекеті үшін айыппұл төлеуден жалтарған тұлғаларды анықтау бағытындағы жұмыстар ұдайы жүргізіп келеді. Өткен қыркүйек айында айыппұлдарын төлемей жүрген барлығы 1092 автокөлік анықталды. Оның 131-і айыппұл өндірілгенге дейін арнаулы тұраққа қойылды. Ал, 900-ге жуық көлік жүргізушісі сол жерден айыппұлын өтеді.

Атырау қаласы бойынша "Қорғау - қауіпті жүргізуші", "Сергек" ақпараттық жүйесінің көмегімен қыркүйек айында барлығы 490 әкімшілікқұқықбұзушылық деректері анықталған.

Бейнежазба осында!