Бейнебақылаулар қоғамдағы заңбұзушылықтардың алдын алуға, құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді.
24-30 қазан аралығында Атырау қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығының «102» арнасына әртүрлі сипаттағы 1270 қоңырау шалынған. Оның ішінде 127-сі қылмыс құрамы деп алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
- Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 18 қылмыс ашылды. Оның ішінде 17 ұрлық және 1 ұсақ түйек жымқыру әрекеті анықталды.
Сондай-ақ, «Нөлдік төзімділік» қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 375 жайт анықталды. Оның ішінде нөлдік төзімділік бойынша – 90, жол ережесін бұзған – 285 және «Қорғау» жүйесімен 79 әкімшілік хаттама толтырылды, - деді Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бастығы полиция подполковнигі Асқар Атамкулов.
Сондай-ақ, «Interceptor»жүйесімен 1 аптаның ішінде айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 62 жүргізушінің көліктері арнаулы тұраққа қойылып, 18 автокөлік жүргізушісінен айыппұл өндірілді.