02 Қараша, 2022 559

Атырау волейболшылары суперкубок иегері атанды

 Атырау волейболшылары суперкубок иегері атанды

Алматы қаласында волейболдан ел суперкубогінің финалдық кездесуі аяқталды, деп хабарлайды AtyrauPress.

Тартысты өткен кездесуде «Атырау» волейбол клубы алматылық «Буревестник» командасынан 1:3 есебімен басым түсті. Бұл жетістігі арқылы жерлестеріміз келесі жылы клубтар арасындағы Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.

  Еске сала кетейік, атыраулық волейболшылар 2018 жылы Мьянма елінде өткен клубтар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдеге иегерлері атанған болатын.