Су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
- Қала және аудан әкімдіктерінің берген ақпараттарына сәйкес су тасқынының ықтимал салдарын жою үшін 22,5 тонна жанар-жағармай, 485 тонна инертті материалдар (ПГС, топырақ және т. б.) және 29 мың 800 қапшық, 17 дана шатыр, 5294 дана кереует, 3660 дана төсек-орын жабдықтары дайындалды. Төтенше жағдайлар министрлігінің нысаналы трансферттері арқылы республикалық бюджет есебінен төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін төмендету мақсатында өңірімізде 2021-2025 жылдарға арналған «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы іске асуда. Оның аясында Махамбет ауданы Махамбет және Алға ауылындағы Жайық өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Алайда Алға ауылында 2021 жылы реперлерді орнату кезеңінде жағалаудың 15-20 метрге ауытқуы анықталып, соның салдарынан жұмыстар тоқтатылды. Жайық өзенінің арнасының 15-30 м. өзгеруіне байланысты жобалау-сметалық құжаттамаға түзету енгізілуде,-деді Н.Жаңабаев.
- Көптеген гидротехникалық құрылыстардың құрылысы өткен ғасырдың 60-80 жылдары жүргізілген. Олардың нақты тозуы 60%-дан жоғары, нәтижесінде қауіпсіздігі мен сенімділігі күрт төмендеген. Сондықтан гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз және сенімді пайдалану, халықтың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруін болдырмау мәселелері айрықша өзекті болып табылады,-деді Т.Сүлейменов.
- Алға ауылындағы жұмыстарды жеделдетіңіздер. Геошпунт қағып үлгермесеңіздер, ескі әдіспен қаптарды дайындап, қазірден бастап қолға алыңыздар. Егер наурыз айына дейін геошпунт қағып үлгермесе, алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет. Биылдан бастап жағалауда қорғаныш болмайтын болса, өзен арнасы 13-14 метрге дейін ауытқыса, ауылға қауіп төндіреді. Осы бір айтып келмейтін табиғат құбылысына жан-жақты дайын болуымыз керек. Бұл осы жерде отырған барлығымызға сын. Халық пен елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сіз бен біз,-деді Қ.Нұртаев.