26-28 шілде күндері ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары аясында қыздар арасында бес асық сайысы өтті.
Командалық сайыста Атырау облысының қыздары қарсыластарының барлығынан басым түсті, деп хабарлайды ATPress.kz облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ақтық бәсекеде қыздарымыз Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстарының өкілдерін 2:1 есебімен жеңді. Облыс құрамасында сапында Тілеу Жаннұр, Бисекен Ақбілек, Нұрғожа Асылгүл және Мұхитова Амангүл ойнады. Үш қызымыз Жылыой ауданының тәрбиеленушілері болса, Амангүл Мақат ауданының спортшысы болып табылады. Ойындарға облыс құрамасын дайындаған Раушан Қанафияқызы және Жұмағалиева Мейрамгүл" делінген хабарламада.