Атырау облысында төтенше жағдай режимі кезінде 254 әкімшілік хаттама толтырылған

Коменданттық режимді бұзу бойынша 254 әкімшілік хаттама толтырылып, 46 адам әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен бірге, 19 адамға айыппұл салынып, 117 адамға ескерту берілген.


"Төтенше жағдай талаптарын орындамаудың 2 фактісі анықталып, жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында
алкогольдік ішімдіктерді сатумен айналысқан 6 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



Төтенше жағдай кезінде, облыс орталығында қоғамдық
тәртіпті сақтауға полиция қызметкерлерімен бірге, 97 қоғамдық тәртіп сақшылары ерікті түрде өз үлестерін қосты.



Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
полиция қызметкерлері 100% одан әрі күшейтілген режимде қызмет етуін жалғастырады.



Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сай, 19 қаңтардан бастап облыс аумағында
құқықтық тәртіпті
және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу іс-шарасы басталды, - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.



Еске сала кетелік,
Қазақстан Республикасы Президенті
Жарлығымен 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай жарияланды.
Сонымен бірге, коменданттық уақыт енгізілді.



Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап, облыс
аумағындағы барлық маңызы бар стратегиялық объектілердің
қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Облыс орталығының аумағы бойынша 4 блокпост және
Теңіз кең орнында 1 блокпост қойылып, автокөліктерге тексеру жұмыстары жүргізілді.
Атыраудағы  6 көпірдің екі жағынан 12 пост
қойылып, жұмыс жасады.