Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де дауыс берушілердің референдумға келуі 43,70 пайызды құрады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді. 12.00-дегі мәліметтер бойынша, референдумда 5 миллион 122 мың 577 адам дауыс берді. Бұл уақытта ең белсенді аймақ Солтүстік Қазақстан облысы болып табылады.
Өңірлер бойынша сағат 12.00-де келу деңгейі:
Ақмола облысы бойынша-41,31 пайыз;
Ақтөбе облысы бойынша-41,14 пайыз;
Алматы облысы бойынша-43,05 пайыз;
Атырау облысы бойынша-37,33 пайыз;
Батыс Қазақстан облысы бойынша-47,58 пайыз;
Жамбыл облысы бойынша-55,15 пайыз;
Қарағанды облысы бойынша-51,60 пайыз;
Қостанай облысы бойынша-49,96 пайыз;
Қызылорда облысы бойынша-48,73 пайыз;
Маңғыстау облысы бойынша-36,02 пайыз;
Павлодар облысы бойынша-51,17 пайыз;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша-58,25 пайыз;
Түркістан облысы бойынша-46,69 пайыз;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша-48,86 пайыз;
Нұр-сұлтан бойынша-37,03 пайыз;
Алматы бойынша-20,14 пайыз.