Атырау облысында қамыс өртін сөндіру үшін тікұшақтан 33 рет су шашылды

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдай министрлігінің тікұшағы жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, 20 қыркүйек 08:57 сағатта Атырау қаласы, Кеңөзек ауылы, Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде және «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығы аумағында шамамен 60 га аумақта қамыс өртенді. Жердің батпақты және өрт сөндіру техникалары өте алмауына байланысты өртті сөндіру мүмкін болмады. Елді мекендерге қауіп төніп төнген жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің (20 қызметкер мен 2 бірлік техника) және "Ақ Жайық" МТР (5 жұмысшы және 2 техника) күштері бұл жағдайды бақылап отыр.  Осы ретте департаментте жедел штаб құрылды.

Өрт ошағына жету жолдардын іздестіру кезінде батпақты жерде батып қалған «TREKOL» автокөлігі толық жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ.

Бүгін 7:30 сағатта МИ-8 тікұшағы барлау жұмыстарын жүргізіп, 20х20 м көлемінде 2 ашық отпен жану ошағын және 400 ш.м. көлемінде бықсуды анықтады. Қазіргі уақытта әуеден сөндіру жумыстарын жүргізуде. Елді мекенге қауіп жоқ. Өртті сөндіруге 5 экипаж мүшесі, 1 ТЖД қызметкері жұмылдырылды. Осы уақытқа дейін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 ВСУ-5 тікұшағынан ауадан 33 мәрте су шашу жүзеге асырылды.

400 шаршы метр аумақты алып жатқан тілсіз жаудың бір ошағы ауыздықталды.  Өрт сөндіру жұмысы әлі де жалғасып жатыр.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД-нің 31 қызметкері мен 10 техника, 1 су көлігі, «Ақ Жайық» ГПР 20 жұмысшысы және 5 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 3 жұмысшысы мен 3 техникасы, ЕӨСЖ 15 адам 2 бірлік техника жұмылдырылды.