Іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлады AtyrauPress тілшісі Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.
Тоғызыншы қаңтарда сағат 11:00 шамасында «Toyota» маркалы автокөлігімен үш адам Мақат ауданы Доссор кентінен Қызылқоға ауданы Қарабау ауылына қарай жолға шығып, түнге дейін оралмаған. Телефон байланысы да болмаған. Ертеңіне сағат 00:00-де жоғалған адамдардың туыстары Атырау облысы ТЖД аумақтық бөлімшесіне хабарласқан.
Атырау облысы ТЖД күштері жоғалған 1984 ж.т., 1986 ж.т., 1996 ж.т. жоғалған адамдарды дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті.
Оныншы қаңтарда сағат 13:26-да іздестіру-құтқару жұмыстарына бортында ТЖД 3 қызметкері, жоғалғандардың туыстары мен 5 экипаж мүшесі бар ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Сонымен қатар Қызылқоға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің 4 қызметкері іздестіру-құтқару жұмыстарын автокөлікпен және жаяу жүргізуде.