Қызылқоға ауданында ауылдарды жалғастыратын автомобиль жолының құрылысы басталды, деп хабарлайды AtyrauPress Қызылқоға аудандық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі кезде жолдың топырағы тегістеліп жатыр. Құрылыс жұмыстарымен «Ассана-ДорСтрой» ЖШС айналысуда.
«Ауыл тұрғындары жол азабын әбден тартты. Тайсойған ауылы тұрғындарының басты мәселесіне айналған «Миялы-Тайсойған ауылына кіреберіс» автомобиль жолын күрделі жөндеу құрылысы Миялы бағытынан бастау алды. Төртінші санатты тасжолдың ұзындығы 45 км шақырымды құрайды», - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші - Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.
Жоспар бойынша, жол құрылысы келесі жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА