Жыл басынан бері Мемлекеттік кірістер департаментіне «банкрот» деп тануға 3488 азаматтан өтініш түскен. Оның 149-ы мақұлданып, 104-і қаралуда. Ал 2792 өтініш қараусыз қалдырылған, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
"Өтініші өтпеген 2792 борышкер банкроттықты қолдана алмайды. Өйткені, олардың жұбайларында мүлік, ортақ мүлік, автокөлік, бағалы қағаз және депозиттерінің бар екені анықталды", - деді дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы Ш.Жаншаева
.Ал банкроттық мәртебесін алған 375 адамға алдағы 5-7 жылдықта банктерден және микроқаржы ұйымдарынан несие алуға тыйым салынады. Сонымен қатар 3 жыл бойы қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі.
Еске сала кетейік, 2022 жылғы 30 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР заңға қол қойды.
Фото pexels