Атырау облысы аумағында "Сергек" камералары қала сыртындағы тасжолдарға да орнатылмақ

Мақсат - Атырау облысы аумағында қылмыстар санын азайту және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу. 7 шілде күні Атырау облысы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында департамент ғимаратында жиын өткізілді. Аталған жиын Атырау облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Садировтың төрағалығымен және «Көркемтелеком» мердігер компаниясының қызметкерлерімен бірлесе талқыланды. Жиынға департаменттің басқарма басшылары және осы салаға жауапты қызметкерлер де қатысты. Мақсат - Атырау облысы аумағында қылмыстар санын азайту және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу. Қала аумағында аталған өзекті мәселелердің алдын-алуы үшін облыстық «Көркем-Жайық» филиалымен жасасқан келісімшарт негізінде Атырау қаласы аумағында 2020 жылы 2748 дана «Сергек» құрылғылары орнатылды, аталған құрылғыларды қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында үй аулаларына, халықтың көп шоғырланатын орындарына және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автокөлік жолдарының бойына, көше қиылыстарына орнатқан болатын. Аталған құрылғыларды орнатқан күннен бастап қылмыстардың болдырмау және жол қауіпсіздігі бағытында өз көмегін берді. «Сергек» құрылғыларын алдағы қысқа мерзім ішінде қала ішінде орнатылмаған нүктелерін санын арттыру, сондай-ақ қала сыртындағы республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Атырау-Орал, Доссор-Құлсары-Бейнеу және облыстық маңызы бар Атырау-Индер, Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз тас жолдарына арақашықтығын жиілетіп орнату жұмыстары пысықталды. Құрылғыларды жақын арада қала сыртындағы тас жолдарға бірінші кезекте орнату үшін тапсырмалар берілді. Себебі қала сыртындағы тас жолдарда адам өлімімен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеген.