Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова Израильдан келген дәрігерлерді қабылдады

Атырауда тәжірибелерімен бөлісіп жатқан шетелдік дәрігерлермен өңірдегі медицина саласын талқылап, пікір алмасты. Израиль Республикасынан келген дәрігерлер  Атырау облыстық перинаталдық орталығында шеберлік-сағаттар мен семинарлар өткізді. Онда жергілікті 30 аушер-гинеколог және 30 анестезиолог-рениматолог мамандары оқытылды.
Сондай-ақ, анестезиолог-рениматолог дәрігер Лев Гуревич облыстық перинаталдық орталық пен облыстық ауруханадағы жүкті әйелдерге консультация жүргізді.
Алдағы уақытта ана мен бала өмірін сақтау мақсатында түрлі тақырыпты қамтитын семинарлар мен шеберлік сағаттарын өткізіп, 200-ден аса медицина қызметкерін оқыту жоспарда.
Сонымен қатар, шетелдік дәрігерлердің қатысуымен туа біткен ақаулары бар балаларға  6 ота жасалады.
Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова дәрігерлердің біліктілігін арттыру - өңірімізде жоғары медициналық технологияларды дамытуға және жалпы денсаулық саласының одан әрі дамуына жаңа серпін береді деп атап өтті.