Су басу қаупіне байланысты уақытша осындай шешім қабылданып отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бүгін, 12 мамыр сағат 22.00-ден бастап «Атырау-Орал» тасжолының Индербор кентіне кірме 7 шақырым жолы жабылды. Енді Орал қаласына көлікпен «Атырау-Махамбет» трассасы арқылы ғана баруға болады.
Айта кетейік, тасжолға қауіп төніп тұрғанын бұған дейін де жазған болатынбыз.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ