Шілденің 30-ы күні Түркияның Алания ауданының Анталия провинциясында Қазақстан туристері мінген автобусқа жүк көлігі қатты жылдамдықпен соғып, жол апатын жасаған. Олардың ішінде атыраулық азаматтар да бар, деп хабарлайды AtyrauPress.
Анталияда жол апатынан ауруханаға түскен атыраулықтардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Telgram-каналында жазды.
Қазақстандық туристерді тасымалдаған микроавтобус Аланиядағы Okurcalar Mahallesi D-400 трассасында жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан көлік жүргізуші мен гид (Украина азматы) оқиға орнында көз жұмды, 12 адам жараланды. Жараланғандардың ішінде төртеуі атыраулық. Үшеуі Алания мемлекеттік ауруханасында, ал бір науқас Сиде Анатолия ауруханасында ем алуда.
«Бүгінде бір науқас жансақтау бөлімінде, ал үш науқастың жағдайы орташа ауырлықта, дәрігерлердің бақылауында тиісті емін алуда. Қазіргі таңда облыстық әкімдік пен денсаулық сақтау басқармасы аталған аурухана дәрігерлерімен тығыз байланыста», - деп жазды Ж.Бисембиев.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА