Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"Алда келе жатқан мерекелік демалыс пен мамырдың шуақты күндері – отбасымен серуендеп, ашық аспан астында демалуға тамаша мүмкіндік. Бұл кезде балалар мен ата-аналар қаламыздағы субұрқақтардың маңына жиі жиналады. Атырау қаласында 13 мекенжай бойынша 40-қа жуық субұрқақ жұмыс істеп тұр. Алайда, бұл – сәндік-архитектуралық нысандар, яғни шомылуға немесе қол жууға арналмаған! Субұрқақ суына түсу: тері ауруларына шалдықтыруы мүмкін; денсаулыққа зиян келтіреді; ең бастысы — су астында жоғары кернеулі инженерлік желілер орналасқан, бұл өте қауіпті! Гранит тастардың үстіне шығуға және субұрқақ суына қол салуға болмайды! Балалар қауіпсіздігі – ата-ананың бақылауында. Баршаңызды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com