АМӨЗ-ның каталитикалық крекинг қондырғысында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүруде

Атырау мұнай өңдеу зауыты қазіргі кезде каталитикалық крекинг қондырғысында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жүріп жатыр, деп хабардайды AtyrauPress АМӨЗ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалпына келтіру жұмыстарына арнайы құрылған жедел штабтан бөлек каталитикалық крекинг процесінің лицензиары – Axens компаниясының мамандары да қатысып жатыр.
 

Лицензиар жүргізген тексерудің нәтижесіне сәйкес жедел штаб келесідегідей жұмыс кестесін белгіледі:

18 ақпан — жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуы;

18-22 ақпан аралығында — іске қосу жұмыстары.

Каталитикалық крекинг қондырғысы толық жұмыс режиміне 23 ақпанда шығады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, 1 ақпанда Атырау мұнай өңдеу зауыты регенераторларда температураның көтерілуіне байланысты каталитикалық крекинг қондырғысын тоқтатты. Ақаулар анықталған соң «ҚазМұнайГаз» АҚ» ҰҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің тапсырмасымен қондырғының жұмысын қалпына келтіру бойынша жедел штаб құрылды. Штабқа ҚМГ Басқарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары Арман Қайрденов жетекшілік етіп отыр.