Ойыл ауылдық округі Жасқайрат ауылында бірқатар құрылыс бастау алуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бұл жөнінде аудан әкімі Қанат Әзмұхановтың жергілікті жұртшылықпен кездесуінде талқыланды. Жасқайрат ауылында спорт алаңы құрылысы жүргізілуде. Жыл соңында пайдалануға беріледі. 100 орындық балабақша салу үшін ЖСҚ дайындалуда. Құрылыс жұмыстары алдағы жылдары жүргізіледі. Жасқайрат ауылынан 8,4 км ауылішілік автомобиль жолының құрылысын келер жылы бастау жоспарланған. Жасқайрат ауылынан 98 жер телімі берілуде. Аққора елді мекенін ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында аяқталады. Алайда, құрылысы жыл соңында аяқталғанымен, «Тайсойған-Миялы» магистралды су құбыры іске қосылғанда, бірге су беріледі. Мердігер - «Теплоэнергострой» ЖШС. Жасқайрат ауылына 3 км 200 м,Аққора елді мекеніне 2 км 700 м бөгетті жөндеуге ЖСҚ жасақталуда. Құрылыс жұмыстары келер жылдарға жоспарланған. Жалпы келер жылғы көктемгі өр суына дайындық бойынша су тасқынынан қорғау бөгеті көтерілді. Одан өзге өткен кездесулерде назарға алынған әлеуметтік мәселелер де жиында айтылып, жеке мәселелер бойынша қабылдау да жүргізілді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ