Аудан тұрғындарының бастамасымен арнайы кездесу өтті.
Сөз алған аудандық мешіттің бас имамы Б.Сағындықов қазіргі уақытта жаназа және жерлеу рәсімдеріндегі ысырапшылдық үлкен мәселе болып отырғандығын, алайда дастархан мәзіріндегі ысырапшылдық, жөнсіз митингтер мәселесі бірқатар өңірлерде бірізділікке түсіп келе жатырғандығын, мақсатымыз қайғы түсіп жатқан шаңыраққа мейілінше жеңілдік жасау екендігін, садақа беру шығынның көптігімен емес, ниеттің тазалығымен таразыланатындығын,Құдайы астың дастарқан мәзірінде барынша қарапайымдылық сақталғаны жөн екендігін айтып өтті. Жиын барысында ардагерлер жаназадағы ысырапшылдық мәселесінен арылу жайын бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде жиі насихаттап, арнайы мәзір шегінен шықпауды халыққа ұғындыруды ұсынып,Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен қабылданған мұсылман халқының дүниеден өту, жерлеу, ас беру дәстүрлерін ел арасында жүзеге асыруды, тұрғындарды және асхана мен мейрамхана басшыларын садақа асын өткізу барысында ысырапшылдыққа жол бермеуге шақыруды қолдады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігімен ұсынылған садақа дастарқанының ас мәзірі: