Атыраудағы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын енді полиция қызметкерлері бақылай алады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен облыстық мүгедектерді сауықтыру мекемесі жедел басқару орталығының бақылау камерасына қосылды.
Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті деп, хабарлайды
- Әлеуметтік орталықтарды Полиция департаментінің жедел-басқару орталығының бейне бақылау жүйесіне қосуды көптен бері көздеген едік. Қазіргі уақытта, орталық жүйеге қаладағы №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығын қостық. Екі орталықта көмекке мұқтаж жандарға қызмет көрсететін болғандықтан қауіпсіздікті қамтамасыз ету аса маңызды. Енді, орталық қызметкерлерінің жұмыс барысындағы тәртібі, науқастармен қарым-қатынасы және сырттан келер қауіпті де полиция қызметкерлері бақылап отырады. Алдағы уақытта басқармаға қарасты №1 және №4 орталықтарды да жедел басқару жүйесіне қосу үшін жұмыстанып жатырмыз, - деді А.Мәмбетов.