Былтыр облыстағы Атырау мешіттері 12 отбасына баспана сыйлады

Бұл туралы Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлім етті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» атты қайырымдылық жобасы аясында былтыр облыста 12 мұқтаж отбасы баспаналы болды. Мұқтаж шаңырақтардың қатарында асыраушысынан айрылған шаңырақтар мен көп балалы аналар бар,- деді А.Ұтысханұлы.
Сондай-ақ оның айтуынша, өткен жылы Атырауда 22 сауда нүктесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халал стандарт сертификатын алған. Олардың қатарында «Тәп-тәтті», «Зәуреш тәттілері» кондитерлік өнімдер цехы, «Шоқ донер» жылдам тамақтану желісі, «Халил ұста» ет өнімдері дүкені бар.