Атыраудың 16 ауылында су тазарту станциясы жаңғыртылды

Атырау облысына қарасты 3 аудандағы 16 ауылда су тазарту станциясы қайта жаңғыртылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жалпы өңір халқының ауыз сумен қамту көрсеткіші – 99,8%. Биыл Қызылқоға мен Махамбет ауданындарында 80 шақырым су құбыры жүргізілді. Нәтижесінде 600 тұрғын ауыз сумен қамтылды. Бұдан бөлек, Махамбет, Исатай, Құрманғазы ауданында 16 су тазарту станциясы қайта жаңғыртылды.

«Қаладағы күніне 50 мың текше метр суды тазалауға қауқарлы №5 сүзгі станциясы желтоқсан айында аяқтап, іске қосамыз. Сондай-ақ келесі жылы 60 мың текше метр су тазалайтын №6 сүзгі станциясын сала бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл ертеректе салынған №1 және №2 сүзгі станцияларын тоқтатып, сапалы таза сумен халықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
"@ortcom_kz"